Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

Түркістан облысында тағы бір браконьер балық аулағаны үшін ұсталды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында тағы бір браконьер балық аулағаны үшін ұсталды

Жетісай ауданы аумағындағы тоғайлық алқаптар мен өзен-суларда заңсыз балық аулау деректерін анықтау, алдын алу мақсатында Жетісай АПБ ЖПҚ қызметкерлерімен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар үнемі өткізіліп отырады. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер, Үтіртөбе ауылына қарасты Шардара су қоймасы маңында жергілікті тұрғынның заңсыз түрде шанышқы (астрага) пайдалана отырып, балық аулап отырғанын анықтады. Ұсталған жігіттен айғақты зат ретінде бір дана резеңке қайық, үш метрлі шанышқы (астрага) және 50 данадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Балықтардың жалпы салмағы 93 келіні құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) тіркеліп, СДТТБТ-не қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын Жетісай АПБ-не жеткізілді. Бас шарасы “келу туралы міндеттеме”.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулап, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеліп соғатынын ескертеді.