Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

«Тізімге енбеген депутаттарға неге вакцина салынған?»: Денсаулық сақтау басқармасының өкілі жауап берді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында қалалық мәслихаттың депутаттарына індетке қарсы вакцина не үшін салынғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тізімге енбеген депутаттарға неге вакцина салынған?»: Денсаулық сақтау басқармасының өкілі жауап берді

Телемедицина директорының айтуынша, қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі белгілеп берген адамдарға вакциналау болып жатыр. Олар – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әскери және полиция қызметкерлері, студенттер, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері, диспансерде есепте тұрған адамдар.

Онлайн брифинг барысында журналистер спикерден денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімге енбеген депутаттарға неге вакцина салынғанын сұрады.

Осы тұста Лаура Мырзағали былайша жауап берді: «Арнайы қор бар. Мәліметтер базасында вакцинацияланған барлық адамдар қызметі бойынша нақты сипатталған. Басшылық лауазымдағы адамдар қажет болған жағдайда вакцина алуы керек. Депутаттар – үнемі халықпен, медицина қызметкерлерімен және тағы басқалармен байланыста болатын адамдар. Сондықтан арнайы қордың шешімімен бұл адамдарға вакцина егілді. Алматыға бөлінген доза оңды-солды таратылмайды. Мұның бәрі кейінірек тексеріледі».

Айта кетейік, өткен айда Алматы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еді.