Үкімет • 25 Наурыз, 2021

Қазақстандық сарапшы ауаның ластануы туралы халықты жедел хабардар ету жүйесін құруды ұсынды

21 рет көрсетілді

Бүгін Сенатта Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өткен Жас сарапшылар клубының отырысында осындай бастама жария етілді, деп хабарлайды Еgemen.kz

Отырыс экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және орнықты даму мәселелеріне арналған болатын. Сенат Төрағасы шараны аша келіп, экологиялық проблемаларды жұртшылықтың белсенді қатысуымен шешуге болатынын атап өтті.

«Экологиялық проблемаларды мемлекеттің қатысуымен ғана шешу мүмкін емес екені анық. Азаматтық сектор, ҮЕҰ, бизнес, жанашыр жандар мен еріктілер тарапынан да белсенді іс-қимыл қажет болады. Халық арасында экологиялық ойлау мен қоршаған ортаға жауапкершілікті дамыту қажет», деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың эколог-зерттеушісі, ғылым және технологиялар саласындағы PhD, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі хатшылығының сарапшы-рецензенті Айымгүл Керімрай еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге азаматтардың белсенді қатысуы үшін ауада ластаушы заттардың концентрациясы жоғары екендігі туралы халықты жедел хабардар ету жүйесін құруды ұсынды.

«Ауа сапасы туралы ақпарат жаңалықтар сайттары мен телеарналарда күн сайын көпшілікке қол жетімді болуы керек. Ауаның сапасы туралы ақпарат көптеген елдерде ауа райы болжамымен бірге беріледі. Ауа-райының қауіпті жағдайы туралы хабарлайтын SMS-хабарлама сияқты ауаның ластану деңгейі жоғары болғанда да ақпарат берілуі керек», деді сарапшы.

Айымгүл Керімрай сонымен қатар елімізде ластаушы заттардың рұқсат етілген концентрациясының қабылданған шегі ескіргенін және халықаралық деңгейден өзгеше деп санайды. Ал мемлекеттік органдар шешім қабылдау кезінде ауа сапасының жай-күйі туралы деректерді тиісті дәрежеде пайдаланбай келеді.

Соңғы жаңалықтар

Рубль бағамы 6 теңгеден асып кетті

Экономика • Бүгін, 12:23

Жеті өңір «жасыл» аймақта

Қазақстан • Бүгін, 09:08

1459 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:04

1642 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • Бүгін, 08:49

Басқа басылымдарға шолу

Әлем • Бүгін, 08:32

Алаш аманатына адал жан

Қазақстан • Бүгін, 08:21

Ұқсас жаңалықтар