Қоғам • 25 Наурыз, 2021

Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген санитарлық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

«Қала тазалығында жүрген қызметкерлерге көмек болсын деген ниетпен ыстық шай мен ыстық бауырсақ таратып жүрміз. Бұл шараның бәрі «Қайырымды істер марафоны» аясында өтіп жатыр», деді қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Елордалық волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратып қана қоймай қар күреу жұмысына да көмек көрсетті.

«Осындай қайырымды іспен айналысып жүрген жастарға көп рахмет. Ауа райының суығына қарамай көше тазалап, бес сағаттан бері қар күредік. Ешқайда шыға алмаймыз. Сіздерге рахмет, бойымыз жылып, әлденіп қалдық», деді қар күреп жүрген қызметкер Мақсұт Кенже.

Санитарлық қызметкер Ырысты Нығыманова өз сөзінде жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтап өтті.

Айта кетейік, бүгін қала көшелерінің қарын күреуге екі мыңға жуық жол жұмысшы мен 1400-ден астам техника жұмылдырылды. Өткен тәулікте қаладан 100 мың текше метрден аса қар шығарылды. Ал елордаға қар жауғалы бері 4 637 884 текше метр қар шығарылды.