4733 мектепте өзін-өзі басқару органдары (мәслихаттар, министрліктер, парламенттер және т.б.) жұмыс істейді. Мамыр айының ортасына дейін мектеп парламенттеріне кандидаттар тіркеліп, олар өз бағдарламаларын ұсынады. Сайлау бірыңғай форматта өткізіледі деп жоспарланып отыр.
«Осы жобалар функционалдық сауаттылықты және құқықтық-саяси мәдениетті дамытудың маңызды тетігі болып табылады. Бұл азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне, адами капиталдың дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл – маңызды бастамалар. Біз осы жобаларды қолдап, әрі қарай дамытатын боламыз», деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.