Қазақстан • 25 Наурыз, 2021

Қазақстан Елшісі Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 наурызда Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаевтың Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Елшісі Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Әңгіме барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігіне баса назар аудара отырып, ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Беларусь Президенті Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасына жоғары баға беріп, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Беларусь пен Қазақстан соңғы жылдары қарым-қатынастарды дамытуда және интеграция тұрғысынан, әсіресе ЕАЭО желісі бойынша, екі жақты қатынастарда, саудада және кооперацияда өте көп жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, бұл көлемді кеңейту үшін неғұрлым терең кооперация болғанын қалайтын едік. Біз өндірісті көбірек жүктеуге, құрастыру өндірісін құруға дайынбыз. Бір сөзбен айтқанда, үкіметтерге жұмыс істеу керек», деп атап өтті Беларусь басшысы.

А. Лукашенко Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Беларусь Республикасына сапары екіжақты өзара іс-қимылға жаңа серпін бере алатынын атап өтті.

Кездесу достық және сенімді жағдайда өтті.