Үкімет • 25 Наурыз, 2021

Премьер-Министр Кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр Кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
 
Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған.
2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.

2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2019 жылдың тамыз айынан бері — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.