Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

Қарағанды облысында 2900 отбасы баспаналы болды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында Наурыз мерекесі қарсаңында қала және ауыл тұрғындары баспаналы болды. Жалға берілетін тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды облысында 2900 отбасы баспаналы болды
Наурыз мейрамы Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарының, Приозерск қаласының тұрғындары үшін қос мерекеге айналды.

Топар ауылында 18 пәтерлі үй салынды. Атап айтқанда әлеуметтік қорғалатын санаттағы кезекте тұрғандар: аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар және басқалар пәтер алды.

Жаңаарқадағы «Жаңа Нұр» шағын ауданында пайдалануға берілген жаңа үйден 16 отбасына кілт тапсырылды.

Ал Приозерск қаласында он отбасы баспаналы болды.
Қарағанды облысында биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр – бұл 2020 жылға қарағанда 25% көп.

Оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй 165 мың шаршы метрді құрайды. Кезекте тұрған 2 900 адам пәтермен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

 

Соңғы жаңалықтар

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00