Оқиға • 26 Наурыз, 2021

Күш атасына арналған қойылым ұсынады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте әз-Наурыз мейрамына арналған думанды мерекелік шаралардың керуеніне «Шымкент-Цирк» ұжымы да өз үлестерін қосты.

Күш атасына арналған қойылым ұсынады

Атаулы күнге орай ұлттық нақышта киінген цирк әртістері шаһар тұрғындарына «Наурыз-думан» мерекелік қойылымын ұсынды.

Акробаттардың шымыр­лығы, гимнасшылардың еп­тілігі, әртістердің, шоу-балет то­бы­ның жонглерлік өнерді синхронды түрде игергендігі бағ­дарламаның органикалық тұтастығын, мерекелік ырғағын жандандыра түсті.

Сондай-ақ, Қажымұқан Мұ­ңайтпасұлының 150 жыл­дығына арналған «Күш атасын танымас» қойылымы көрермен көңілінен ерекше орын алды.

Әсіресе, көктемнің белгісі ретінде айналаның гүл мен өсімдікке көмкеріліп тұруы кіш­кентай көрермендерге кө­теріңкі көңіл күй сыйлады. Бағдарлама ай мен күннің те­ңес­кен сәтін екі гимнаст әуеге көтеріліп, табиғаттың оянған сәтінен бастау алады.

«4 LED-экраннан көрсе­тілетін Наурыз мерекесінің таң­даулы сәттері, әсем көрі­ніс­тері музыка үнімен көрер­мен қиялын асқақтата түседі. «Наурыз-думан» мерекелік бағ­дарламасына бір ай көлемінде дайындалдық. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік қойылым 2 бөлімнен тұрады. Күндізгі бөлімі 5-10 жас ара­лы­ғында, ал кешкі ересек жастарға арналған», дейді «Шымкент-Цирк» мекемесінің басшысы Нұр­­лан Ыдырысұлы.

Бүгінде еліміздегі үш үлкен цирктің біріне айналған бұл өнер ұжымы мегаполис тұрғындарын таңғажайып қойылымдарымен таңғалдырудан жаңылған емес.

Осы реткі мерекелік қойы­лымдар 28 наурызға дейін жал­ғаспақ. Нақтырақ ай­тар болсақ, 19, 20, 27, 28 күндері көрерменге қызықты қойылымдар ұсы­нылады. 21, 22, 23, 24 наурыз күндері цирк манежінде «Хабар» телеарнасымен бір­лесіп, тікелей эфирде өнер жұл­­дыздарының қатысуымен Қа­жымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған «Өнер барысы» ұйымдастырылады.

 

ШЫМКЕНТ