Теннис • 26 Наурыз, 2021

Алғашқы айналымда сүрінді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан қыздар құра­масының капитаны Ярослава Шве­до­ва АҚШ-тың Майами қала­сында ұйым­дастырылған WTA 1000 турни­рінің екінші айналымына шыға алмады.

Алғашқы айналымда сүрінді

Флорида штатында өтіп жатқан теннис бәсекесінің екінші күнінде кортқа шыққан Шведова аталған турнирдің іріктеу бәсекесінде жеңіске жеткен чехиялық спорт­шы Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты. Дүниежүзілік рейтингте 105-орын­­да тұрған чех қызы 1 сағат 23 ми­нут­­қа созылған матчта жерлесімізді екі сет­те 6:4, 6:2 есебімен еш қиындықсыз жеңіп кетті. Алғашқы айналымда сүрінген Ярос­лава Шведова WTA рейтингінде 25 ұпай және 16 000 АҚШ долларын иеленді.

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарысты бүгін кешке екінші айналымнан бастайды. Рыбакина эстониялық Кайя Канепимен, Путинцева сербиялық Нина Стояновичпен кездеседі.