Аукцион ұйымдастырған компанияның сайтындағы дерекке сенсек, түйіндемені Джобс 1973 жылы өзі толтырған.
Бұл оның колледждегі оқуын тастап, Atari компаниясына техникалық маман ретінде жұмысқа орналасқан кезі болса керек. Дәл осы Atari-де Джобс Стив Вознякпен танысып, арада үш жыл өткен соң, 1976 жылы Apple компаниясының негізін қалады.
Айта кетейік, аукцион 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өтті.