Оқиға • 26 Наурыз, 2021

Алматыда 19 жастағы бойжеткенді қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 жасар алматылық азаматшаның өлімі жайлы жан түршігерлік айғақтар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 19 жастағы бойжеткенді қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қыз күдіктімен 16 наурызда танысқан. 20 наурызда 102 нөміріне Аяжан Еділованың жоғалғаны туралы хабарлама келеді. 21 наурызда арнайы жедел топ құрылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Белгілі болғандай, бойжеткен 19 наурыздан 20 наурызға қараған түні өлтірілген. Оның денесі бөлшектелген күйінде табылды. Күдікті дененің бір бөлігін Алатау ауданынан тыс жақтағы қоқысқа тастаған. Ол өз әрекетін қылмыстың іздерін жасыруға тырысқандығымен түсіндіреді. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.

Еске сала кетейік, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда оның денесі табылды. Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу бастады, бұл іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туылған тұрғыны ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, жоғалып кеткен күні бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан жаңа досымен кездесуге кеткен. Марқұм Аяжанның туыстары оның ерекше қатыгездікпен өлтірілгенін айтып отыр. Әзірге бойжеткен күдіктінің жалғыз құрбаны болмауы мүмкін деген күдік бар.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше