Сапар барысында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев, «Қазгеология» ҰГК» АҚ Басқарма Төрағасы Анвар Боранбаев және «Росгеология» АҚ Бас директоры – Басқарма Төрағасы Сергей Горький кездесті.
Осылайша, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарында пайдалы қазбаларды іздеу және барлау саласындағы ынтымақтастықты дамытуда уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, «Қазгеология» ҰГК» АҚ мен Қазақстан аумағындағы серіктестер бірлесіп құрған сервистік жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.