Қоғам • 26 Наурыз, 2021

Алматы облысы тас жолында жүк көлігі өртенді

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы тас жолда ГАЗ-53 жүк көлігінің өртеніп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы тас жолында жүк көлігі өртенді

Видео Instagram-дағы топтардың бірінде пайда болды. Бейнежазбада жол бойында жүк көлігінің өртеніп жатқаны көрсетілген. Оқиға Алматы-Қарағанды тасжолында Қошмамбет ауылына жақын жерде болғаны белгілі болды. 

Төтенше жағдайлар бойынша департамент өкілдері сағат 14.03-те хабар түскенін айтты. ГАЗ-53 жүк көлігі шөппен бірге өртеніп кеткен. Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілген.