Әлем • 27 Наурыз, 2021

Әлемдегі «ең ұсқынсыз адам» кім екені белгілі болды

1070 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Угандалық Годфри Багума бірнеше жыл бұрын «Әлемнің ең ұсқынсыз адамы» бәйгесіне қатысып, жеңімпаз атанған, деп хабарлайды Еgemen.kz

Әлемдегі «ең ұсқынсыз адам» кім екені белгілі болды

Ол айналасына Ссибаби атымен белгілі болған. Жергілікті тілде бұл сөз «ұсқынсыз» деген мағына береді.
01
Осыдан 54 жыл бұрын жас келіншек жергілікті емші әйелдің қолында толғатып жатқанында жағдай ушығып, өміріне қауіп төніпті. Соның салдарынан акушер әйел баланы қысқышпен жұлмалап алып шығады да, баланың беті-қолы қисайып туады. «Сұрықсыз» нәрестеден анасы сол мезетте-ақ бас тартады.

Алайда Годфридің айы оңынан туып, аман қалады. Оны көшедегі қайыршы асырап алып, шамасы жеткенше өсіреді. Ссибабидің түрінің тұрпайы болғаны сонша, оны көргендер аяп, ақша ұсынатын болған.

Тағдырға мойынсұнбауға бекінген азамат 10 жасынан бастап  көшедегі етікшіге қолқанат болып жүріп, сол кәсіпке әбден машықтанған.

Қазіргі уақытта Годфри өз ісінің шебері, күндіз-түні аяқ киім жөндеумен айналысады. Оған қоса, оның сұлу жары мен алты баласы бар екенін де айта кеткен жөн.