Тағайындау • 26 Наурыз, 2021

БҚО ақпараттандыру, архивтер басқармасына жаңа басшы келді

114 рет көрсетілді

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес БҚО-ның ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының лауазымына Лежников Петр Станиславович тағайындалды.

Лежников Петр Станиславович 1974 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «математика, информатика және есептеуіш техника пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 мектеп-интернат кешенінің информатика пәнінің мұғалімі; «Лежников П.С.» ЖК басшысы; «Softlance» ЖШС-нің директоры; Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы болып жұмыс жасады.

2020 жылдан Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

6 өңір «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус • Кеше

Депутатты пышақтап кетті

Әлем • 15 Қазан, 2021

Шетелдік вакциналар ақылы болады

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Қазақстанда ревакцинация қалай өтеді?

Коронавирус • 15 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар