Аймақтар • 26 Наурыз, 2021

Қапшағай қаласының маңындағы жағалауға медициналық қалдық тастағандар іздестірлуде

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Қапшағай қаласының Восточный шағын ауданындағы жағалауда медициналық қалдықтардың жайрап жатқаны жайлы видеолар күндіз әлеуметтік желілерде тарала бастады. Онда жағалау маңайында үлкен көлемдегі медициналық қалдықтардың көптен бері жатқаны байқалады. Бұл аймақта жас балалар да ойнап жүретін көрінеді.

Қапшағай қаласының маңындағы жағалауға медициналық қалдық тастағандар іздестірлуде

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі шағын ауданның жағалау аймағында медициналық қалдықтарды тазартқанын жеткізді.

а

а

Алматы облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Қапшағай қаласына барған. Шығу кезінде қала әкімдігі мен «Қапшағай Көркейту» ЖШС жағалауды тазалау жұмыстарын жүргізгені анықталды, содан кейін қалдықтар (пайдаланылған шприцтер, жүйелер және т.б.) ары қарай кәдеге жарату үшін полигон аумағына уақытша көшірілген.

а

тр

Қазіргі уақытта медициналық қалдықтар «МВ Арна» ЖШС мамандандырылған ұйымында кәдеге жаратылды.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі осы қалдықтардың иелерін анықтау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.