Футбол • 26 Наурыз, 2021

Мбаппе бастаған футболдан әлем чемпиондары Нұр-Cұлтанға келе жатыр

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Қазақстанға қарсы ойында Франция құрамасының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мбаппе бастаған футболдан әлем чемпиондары Нұр-Cұлтанға келе жатыр

Килиан Мбаппе. Фото: getfootballnewsfrance.com©️

2022 жылғы әлем чемипионатының іріктеу ойыны Нұр-Сұлтан қаласында, алдағы жексенбі 28 наурыз күні өтеді. Ертең, 27 наурызда қонақтар ойын алдындағы жаттығу жұмыстарын "Астана Аренада" өткізетін болады. 

Осыдан бұрын Француз лигасы мен клубтардың ойыншыларды құраманың ЕуроОдақ сыртында өткізетін матчтарына жібермеу туралы келісімі нәтижесінде Мбаппе Қазақстанға келмейді деген ақпарат тараған болатын. 

а

Алайда, ұлттық құрама өзінің жұлдызды ойыншысына мұқтаж тәрізді. Франция құрамасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Мбаппенің "Эвертон" командасының қорғаушысы Люки Динь және "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Адриен Рабьемен түскен суретін жариялады. 

Суреттің төменгі жағында "Қазақстанға аттанып барамыз" делінген мәтін жазылған.