Аймақтар • 27 Наурыз, 2021

Сәуірде Алматыға 81 500 доза вакцина жеткізіледі

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірде 81,5 мың алматылықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәуірде Алматыға 81 500 доза вакцина жеткізіледі

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Спутник V» вакцинасының алғашқы траншы қалаға ақпан айында жеткізілді.

«Спутник V» вакцинасының біріншісі 1750 дозасы ақпанда алынып, екі компонент те 100 пайызға игерілді. Екіншісі наурызда 10 800 доза көлемінде болды. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді, ревакцинация басталды. Үшінші 3200 доза наурызда келді. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді, ревакцинация үшін екінші компонентті күтіп отырмыз. Сәуірде 81 500 доза жеткізілуі тиіс. Яғни сәуірде 81 500 алматылық «Спутник V» вакцинасын салдырады» деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, басқармадағылар мамыр айында вакцинаның 65 200 дозасын жеткізу жоспарда екенін атап өтті. Бірақ бұл алдын ала деректер, өйткені денсаулық сақтау министрлігі Алматыға жеткізілетін вакцинаны көбейту мәселесін қарастырып жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали сауда үйлері мен базарлардағы халықты вакцинациялау мәселесі пысықталып жатқанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар