Аймақтар • 27 Наурыз, 2021

Атырауда карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

4634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысымен карантиндік шектеу шаралары күшейтілетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық орынжайдағы балалар ойын аландары мен аттракциондардың (ауладағыларды қоспағанда), батуттардың, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының қызметіне тыйым салынып отыр.

Жаңа қаулы алдағы дүйсенбі, 29 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.