Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында 40 адам қауіпті вирус жұқтырып отыр. Ал, Теңіз кенішінде 41 жұмысшы, Махамбет ауданында 5,Жылыойда – 2, Қызылқоғада – 2, Исатайда – 2, Индер ауданында 1 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Оның ішінде 35 науқаста Covid-19-дың симптомды түрі анықталды.
«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 92 адам емделіп шықты. Қазір 170 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8, модульдік стационарда 123, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 пациент оқшауланған. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 309 адам ем қабылдап жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.