Оқиға • 27 Наурыз, 2021

Қарақшыға қарсы тұрған жасөспірім марапатталды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасөспірім күдіктімен бетпе-бет өз үйінің кіреберісінде кездескен. Белгісіз біреу баланы қарауылдап, ұялы телефонын беруін талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарақшыға қарсы тұрған жасөспірім марапатталды

«Біз Ерасылдың қылығына шын жүректен сүйсінеміз. Ол өзінің батылдығымен және қайсарлығымен қаскөйдің бетін қайтарудан қорыққан жоқ. Баланың анасына батыл ұл тәрбиелегені үшін ерекше алғыс айтамыз, ол өз құрдастарына жақсы үлгі бола алады», деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Полицейлер Ерасыл мен оның анасын Полиция департаментіне шақырып, оны болашақта полиция қызметкерлерінің қатарынан көргілері келетінін жеткізді.