Ауа райы • 28 Наурыз, 2021

Наурыздың 28-і күнгі ауа райы болжамы

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 28-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурыздың 28-і күнгі ауа райы болжамы

Eлдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыс пен орталықта – жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерлеріне найзағай түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с болады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, қатты бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел соғып, жаяу бұрқасынның күшімен жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.