Аймақтар • 28 Наурыз, 2021

Көп қабатты үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында көпқабатты үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көп қабатты үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 наурыз күні сағат 23.28-де Л.Мирзоян көшесі 2/1 мекенжайы бойынша көпқабатты үйде өрт шыққаны жөнінде хабар түсті.

Белгілі болғандай, 5-қабаттағы 89-пәтерді тілсіз жау жалмап, жеке заттары мен жиһаз жанып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер 45 минуттай отпен арпалысқан. Нәтижесінде «қызыл жалын» 00.15-те ауыздықталды.

 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.