Коронавирус • 28 Наурыз, 2021

Атырауда жансақтау бөлімінде 13 науқас жатыр

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда коронавирус жұқтырып, жағдайы ауырлаған 13 науқас  жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жансақтау бөлімінде 13 науқас жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, 27 наурыздағы мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарларда ем қабылдап жатқан науқастардың саны 464-ке жеткен. Осылайша, өңірдегі инфекциялық стационарлардың жүктемесі 24%-ды құрайды.

«Атырау қаласындағы №2 облыстық ауруханада 8, модульдік стационарда 123, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 309 науқас емделіп жатыр. Сондай-ақ, Жылыой аудандық ауруханасында – 4, Индер аудандық ауруханасында – 7, Исатай аудандық ауруханасында – 1, Құрманғазы аудандық ауруханасында – 3, Қызылқоға аудандық ауруханасында – 4, Махамбет аудандық ауруханасында 5 науқас емделуде» дейді Қайсар Абдалиев.

Оның мәліметіне сүйенсек, Сovid-19 диагнозымен жансақтау бөлімінде 13 науқас түскен. Оның ішінде 10 науқас ауыр халде, үш науқас өте ауыр халде жатыр. Ал, екі пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Атырау облысында 430 төсектік резервтік инфекциялық стационар дайындалған.