Спорт • 28 Наурыз, 2021

Қазақстан мен Франция ойынын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция құрамасы Қазақстанға үздік ойыншыларын алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Франция ойынын «Qazaqstan»  және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

Құрама сапында «Барселонаның» сұрмергендері Гризманн мен Дембеле, әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі, ПСЖ жұлдызы Мбаппе, МЮ жартылай қорғаушысы Погба бар. Еуропаның басқа да беделді клубтарында ойнайтын футболшылар бүгін «Астана-Аренаның» жасыл алаңына шығады.

Қазақстан - Франция кездесуінде Алексей Кульбаков бастаған Беларусь елінің төрешілер тобы қызмет атқарады. Ұлттық арнадағы комментаторлар -  Уәлихан Қосанбай және Ермек Төрениязов. «Qazsport» эфирін Ерсін Ерік пен Дидар Кадыров жүргізеді.

Матч көрерменсіз өтеді. Тікелей трансляция «Qazaqstan»  және «Qazsport» телеарналарынан Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады.