Экономика • 29 Наурыз, 2021

«Бәйтерек» агроөнеркәсіпке «ауыз салды»

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіп кешенін қаржылық қолдаумен айналыса бастайды. «ҚазАгромен» қосылған соң холдингтің құзыреті осылайша кеңейді.

«Бәйтерек» агроөнеркәсіпке «ауыз салды»

Коллаждарды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Осы жылдың 15-наурызын­да Қаржы министрлігі­нің Мем­­­лекеттік мүлік және же­ке­­­ше­лендіру комитеті тапсы­ру актісін бекітті. Сөйтіп «ҚазАгроның» үш еншілес ұйы­мы –  «Аграр­лық несие корпора­ция­сы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қар­жы­лай қолдау қоры» АҚ «Бәй­те­рек» холдингінің құра­мына өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­масы бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл оңтайлан­дыру даму институттарын неғұр­лым тиімді басқаруға және мем­­лекеттік қолдауды қазақ­стан­дықтарға сапалы, жедел жет­кізу­ге арналған. Қосылу про­цесі фермерлер үшін теріс әсер етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау толық көлемде көрсетілетін болады, – деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпханов.

Бұдан бөлек, «Бәйтерек» хол­дингі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық қол­дау шеңберінде Ауыл ша­­руа­­ш­ылығы министрлігімен, Қазақ­­стан қар­жыгерлер қауым­да­с­ты­­ғымен, екінші деңгейлі банк­­­­­тер­­мен және даму инс­ти­тут­­тары­­­мен бірлесіп жұ­мыс жүр­­­­гізуде. Атап айтқан­да, агро­өнер­­­­кә­­сіптік сектор­дағы әлеует­ті жо­­­ба­лар пулы әзірлен­ді. Оны іс­ке асыру ішкі нарықты мо­лық­ты­­руға мүмкіндік береді және аса м­аңызды тауар позициялары бо­йын­ша импортқа тәуелділікті азайтады.

Осы орайда, холдингтің ұйым­дық құрылымында штат санын ұлғайтпай ауыл шаруа­шылығы активтерін басқарудың жаңа департаменті құрылғанын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, «Бәйте­рек» холдингі Мемлекет басшы­сы­ның 2020 жылғы 1 қыркүйек­тегі «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қи­мыл кезеңі» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын іске асы­­ру жө­ніндегі Жалпы­ұлт­­тық іс-шара­лар жоспарының 52-тар­­мағын орын­дау мақ­сатын­да өзі­не «ҚазАгро» хол­дингін қосу ар­қы­лы бір­ыңғай даму институтын құру бо­йынша іс-шаралар өткізуде.

Айта кету керек, «ҚазАгроҚар­жы» АҚ-ны «Аграр­лық несие корпорация­сы» АҚ-ға беру бойынша Жол картасы әзірлеу сатысын­да. Бұл тиісті заңнама­лық акті­лерге өзгерістер енгізу­ді, бар­лық қажетті рәсімдерді көз­дей­тін болады. Сонымен қатар ли­зингтік мәмілелерді кепіл­дендіру, микробизнесті тіке­лей кредиттеу және өсімдік ша­руа­шылығын сақтандыру функ­цияларын кейіннен «Ауыл ша­руа­шылығын қаржылай қол­дау қорын» тарата отырып, «Аграр­лық несие корпорация­сына» беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингінің құра­мын­да 12 еншілес ұйым бар. Олар – «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Даму» кәсіп­кер­­лікті дамыту қоры» АҚ, KazakhExport экспорттық сақтан­­дыру компаниясы» АҚ, «Қазы­на Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақ­стан­ның инвести­циялық қоры» АҚ, QazTech Ventures АҚ, Kazakhstan Project Preparation Fund ЖШС, «Қазақстандық тұр­ғын үй ком­паниясы» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құры­лыс жи­нақ банкі» АҚ, «Аграр­лық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ. Сонымен қатар холдингтің портфельді компанияларын одан әрі 12-ден 7-ге дейін қысқарту және соған орай штаттың санын түзету жоспарланып отыр.