Әлем • 29 Наурыз, 2021

Хуситтер шабуыл жасады

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Хуситтер Сауд Арабиясын­дағы мұ­най объектілері мен әскери аумақ­тарға шабуыл жасауда. Сауд Арабиясы үкіметі Йемен хуситтеріне жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Хуситтер шабуыл жасады

Шабуыл жасалғанын йемендік топ растап отыр. Олар Сауд үкіметіне тиесілі «Арамко» мұ­най компаниясын, әскери аумақтарды нысанаға ал­ғанын айтады. Иран елінің жақтас тобы бұл әрекеті Абдулазиз патшаға қарсы екенін мәлімдеді. Осылайша Даммам, Наржан, Асир қалаларын­дағы әскери аумақтарға соққы жасалған. Сондай-ақ Рас Танура, Рабих, Янбу, Жизан қалаларындағы «Арамко» компаниясының объектілері нысанаға ілінген.

«Әл-Арабия» арнасы Сауд Арабиясының әскери күші Наржан қаласының маңында баллистикалық зымыран тапқанын хабарлады. Шабуыл өртке себеп болған. Бірнеше танк өртке оранған. Дегенмен, Сауд үкіметі жапа шеккен нақты аймақтарды атамай отыр. Елдің қорғаныс министрі мұнай объектілерін сақтап қалу үшін күш жұмсайтынын хабарлады.

Дүйсенбіде Сауд Арабиясы хуситтерге шабуылды тоқтатуға қатысты екі ұсыныс жасады. Дегенмен, қарсы тараптың барлық шарты толық орындал­майды. Сауд үкіметі тек Сана қаласын­дағы әуежай­дың ашылуына жағдай жасайтынын мәлімдеді. Өйт­кені Йемен астанасындағы әуежай 2015 жылдан бері коммерциялық рейстерді қабылдамайды. Осылайша йемендіктердің әлеммен байланысы үзілген. Екінші ұсынысы салық мәселесіне қатысты. Сауд Арабиясы мұнай импортынан түскен салық пен басқа да қаражатты Йемен орталық банкіне түсіретін болады. Ол ақша хуситтерге де берілмек. Олар бұл қаржыдан мемлекет­тік қызметшілерге жалақы төлемек. Алайда бұл хуситтердің шабуылы орынды дегенді білдірмейді. Екінші тарап әзірге жауабын айтқан жоқ.

Ал Йемен хуситтері бұл шараға Сауд Арабиясы тарапынан жасалатын үстемдік пен қысымнан құтылу үшін барғанын айтады. Көршілес елдер бұған қатысты пікір білдірмегенімен, АҚШ Йеменді қолдайды. Оларға тіпті көмек көрсетуге де әзір. Йемен халқы болса, шетелдік көмектен қашпайтынын, керісінше қуанышпен қабыл алатынын жеткізді.