Медицина • 29 Наурыз, 2021

Саулық сақтандырылудан басталады

248 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қа­ла­­сы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында Қордың 2020 жылы ат­­қар­ған жұмыстары мен 2021 жылға қойылған жоспарлары тура­лы баяндады.

Саулық сақтандырылудан басталады

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

МӘМС жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – азамат­та­рымыздың сақтандыру мәртебесі екені белгілі. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұр­­ғын­дар­дың 82%-ы МӘМС жү­­йе­сі­нің қатысушылары. Бір жыл­­дың ішінде сақтандырылған тұр­­ғындар саны 43 311 адамға кө­бей­ген. Мысалы 2020 жылдың қаңтар айын­да 922 893 адам болса, 2021 жыл­дың қаңтар айындағы көр­сет­кіш – 966 204.

«Әлі 213 мыңнан аса қала тұр­ғы­ны қамтылмай, МӘМС жүйе­сі­нен тыс қалып отыр. Олардың ішінде 90,1 мыңы – жалдамалы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық шарт не­­гі­зінде жұмыс істейтіндер, бір­ың­­ғай жиынтық төлем бойынша жарна аударатындар, өз бетін­ше жар­на төлейтіндер, жеке прак­ти­ка­мен айналысатын адамдар – жүйелі, тұрақты түрде аударым жасалмағандықтан МӘМС жү­йе­сінен тыс қалып отыр», деді Әлеуметтік медициналық сақ­тан­ды­ру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Рысқалиұлы.

Жұмыс берушілер қара­ма­ғын­дағы қызметкерлері туралы мә­лі­мет­ті Қордың msb.fms.kz сай­тына орналастырып, оларды сақ­тан­дыруы тиіс.

«Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 33 585 ШОБ субъектілері тіркелген. Олардың ішінде 22 178 субъект – ақпараттық жүйеде өз дерек­те­рін жаңартқан, ал 11407 – ақ­па­раттық жүйеде өз деректерін әлі жаңартпаған. Осылайша 11 407 кәсіпорынның жұмыскерлері МӘМС жүйесінен тыс қалады. Сон­дықтан жұмыс берушілер ШОБ жұ­мыскерлерінің медициналық сақ­­тан­дыру мәртебесін нақты­лау­дың маңыздылығын түсінулері қажет» деп, атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, Ме­ди­­ци­налық сақтандыру қоры осы­мен төртінші жыл қатары­нан ке­пілдендірілген тегін ме­ди­ци­на­лық көмек және медициналық сақ­тандыру пакеті шеңберінде көр­се­тілген қызметтерге ақы төлеп ке­леді.

«2020 жылы Нұр-Сұлтан қала­сы бойынша 142,8 млрд теңге мөл­шеріндегі сомаға қызмет көр­се­тілді. Оның ішінде ТМККК аясында – 93,5 млрд теңге, МӘМС жүйесінде – 49,3 млрд теңге. 2021 жылы тұрғындарға медициналық қыз­мет көрсетуге 141,3 млрд теңге қа­растырылған. Оның ішінде ТМККК аясында – 81,9 млрд теңге, МӘМС жүйесінде – 59,4 млрд теңге. Жалпы, медициналық сақтандыру – халықтың ден­сау­лық­қа жұмсайтын шы­ғындарын қысқартуға бағытталған реформа. Мәселен, МӘМС іске қо­сылғалы бері бұрын азамат­тар қалтасынан төлеп келген ба­ға­сы қымбат қыз­мет­тер қол­же­тім­ді бола бастады. 2020 жыл­дың қо­ры­тындысы бо­йын­­ша меди­ци­на­лық сақтандыру па­кеті шең­берінде көрсетілген құны қымбат қызметтер саны өскен. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС қара­жа­ты есебінен 5 млн-ға жуық кон­суль­тативтік-диагностикалық қыз­­меттер (7,7 млрд теңгеге) көр­се­тілді. Ангиохирургия, офтальмология, кардиохирургия, нейрохирургия, травматология-ортопедия бағытында пациенттерге жасалған оталар саны, сондай-ақ ЭКО процедуралар саны артты. Жүрек ырғағы бұзылуы кезінде эндо­васкулярлық оталар жасау се­кілді жоғары технологиялық ме­ди­циналық қызметтерді қолдану көр­сеткіштері артқаны байқалады. Мысалы, автоматты кардиовертер/дефибриллятор имплантациясы 1,5 есеге артты. Мұндай оталардың орташа құны 6 млн теңгеден асады. Шала туған балалардағы ретинопатияны емдеу оталары 1,5 есеге, электромагнитті есту аппаратын имплантациялау 1,3 есеге өскені байқалады. Оталардың орташа құны 5,5 млн теңгені құрайды. Мұндай ота­­лар балалар мүгедектігінің алдын алады», деді Н.Қабдықапаров.

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қорының Нұр-Сұлтан қа­ласы бойынша филиалының ди­­ректоры Қордың 2021 жылғы қыз­­метінің негізгі бағыттарына да тоқ­­талып өтті.

«Қордың 2021 жылғы қызме­ті­ні­ң негізгі бағыттары белгі­ленді. Олар, алғашқы медициналық-са­нитарлық көмектің басым ба­ғыт­та­рын дамыту, жақын жерден кө­мек алу қолжетімділігі, скрининг бағ­дарламалары, тұрғындарға ауруды басқару бағдарламалары тура­лы ақпараттандыру, мейіргер ісі мен патронаж қызметін дамыту, емдеу-диагностикалау кезеңін ұйымдастыруда мейіргер ісін жан­дандыру, ауыл­дық жердегі ден­саулық сақтау ұйымдарына қол­дау көрсету (МӘМС жүйе­сін­­де қаржыландыруды арттыру), ПМК қамту, «Аңсаған сәби» бағ­дар­ламасы аясында жоға­ры тех­нол­огиялық меди­ци­налық кө­мек шараларын қаржы­лан­ды­ру­ды арт­тыру, қашықтықтан меди­ци­на­лық көмек алу қызметін дамыту, «Қамқорлық» бағдарламасы бойынш­а ерекше күтімді қажет ететін балаларды медициналық оңалту шараларын қолдау, балалар ден­саулығын қорғау, неонатальды скринингті қаржыландыру және пси­хикалық-физикалық дамыту арқылы сырқат белгілерін ерте анықтау және оның даму­ын­а жол бермеу, мектептегі ме­­дици­нан­ы одан әрі дамыту, ма­ман­дан­дырылған медициналық көмек пен жоғары технологиялық диаг­нос­тикалық қызметтердің қол­­жетім­ді­­лігін арттыру, ака­де­мия­лық ме­ди­­­цинаны дамыту. Бар­лық бас­та­­малар қаржы жағы­нан қам­та­ма­сыз етілген», деді ол.

Сонымен қатар Н.Қабдықапаров 2020 жылы республика бойынша мыңнан аса отбасы ата-ана атану бақы­тына ие болса, 2021 жылы жа­­санды ұрықтандыру шараларын жа­сауға бөлінетін квота саны 7 есеге, яғни 7мыңға артқанын алға тарт­ты. Бұл бағытта Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша 3 мекеме қыз­мет көрсетеді. Олар – Экомед, Эколайф, UMC.

«2021 жылы дәрігерлер жала­қысын 30%-ға дейін, орта меди­цина қызметкерлерінің жала­қы­сын 20%-ға дейін көтеру қарас­ты­рыл­ған. Елордада 2020 жылдың қорытындысы бойынша Covid-19 және вирустық пневмониямен кү­рескен 38,2 мыңнан астам меди­ци­на қызметкеріне қаржылық қол­дау көрсетілді. 2020 жылдың нау­рыз-желтоқсан айларының ара­лы­ғында осы мақсатқа 14,1 млрд теңге бағытталды. Қазіргі уақытта Әлеу­меттік медициналық сақтан­ды­ру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2021 жылдың қаңтар айына да үстемеақы төлеуді аяқтады. Барлығы 3 614 ( бірінші қауіп тобында еңбек еткен – 1 107, екінші қауіп тобындағы – 1 068, үшінші қауіп тобындағы – 1 439) медицина қызметкеріне үстемеақы төленді», дейді «Әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойын­ша фи­лиа­лының директоры Н.Қабды­қа­паров.

Сөз соңында ол Медициналық сақ­тандыру қоры пациенттер құқы­ғын қорғайтынын айтып, азаматтар мобильді қосымшаларда өз деректерін тексеруге және сәйкес­сіз­діктер анықталған жағдайда Қор­дың елордалық филиалына хабар­лауға шақырды. Сондай-ақ, 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы байланысуға болатынын жеткізді.