Каналдың көлік қозғалысына жақын арада қашан ашылатыны белгісіз. Суэц каналындағы кептеліске байланысты 450-ден астам кеме тұрып қалды. Құтқару жұмысындағы бұл жетістік 27000 текше метр құм қазылғаннан кейін мүмкін болды.
Айта кетейік, 24 наурызға қараған түні Мысырдағы Суэц каналында контейнер тасушы кеме тіреліп қалған. Салдарынан жүздеген кеме каналдан өте алмай, таситын тауарын межелі жеріне жеткізе алмаған.