Оқиға • 29 Наурыз, 2021

«Бөлшектеп жинадық»: Жүк көлігі қағып кеткен қыздың жағдайы белгілі болды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жүк көлігі соғып ауыр жарақат алған қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бөлшектеп жинадық»: Жүк көлігі қағып кеткен қыздың жағдайы белгілі болды

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі баланың жансақтау бөлімінен мамандандырылған бөлімге ауыстырылғанын хабарлады.

Қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Баланы жоспарланған аутодермапластикалық (тері алмастыру) отаға дайындауда, деп хабарлады бөлім.

Айта кетейік, 15 наурызда Алматыда жүк көлігі баламен әйелді қағып кеткен. Негізгі соққы 11 жасар қызға түскен. Оның бір жақ аяғы үзіліп кете жаздаған, алайда ақ халаттылар баланың өмірін аман алып қалуға бекінген.

Соңғы жаңалықтар