Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Алматыда 10 науқас коронавирусты қайта жұқтырды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада коронавирусты қайта жұқтыру деректері тіркеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда 10 науқас коронавирусты қайта жұқтырды

Әсел Қалықованың айтуынша, Алматыда вирусты қайта жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді. Оларда былтырғы жылдың жазында коронавирус инфекциясы симптомсыз өткен. Енді клиникалық белгімен өтіп жатыр.

«Бұл жағдай бойынша мәліметтер бірыңғай статистикалық есепке алынады», деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта қаладағы сауда үйлері мен базарда халыққа вакцина салу жұмысы қалай жүргізілетінін айтты.

«Қазір халықты вакцинациялау бойынша қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр. Онда вакцина салудың алгоритмі белгіленеді. Вакцина салдыруға келген адамда өзімен бірге жеке куәлігі немесе паспорты болу керек. Ал 21 күн өткен соң ол адам алғаш вакцина салдырған емханасына немесе уақытша екпе салу орнына қайта бару керек», дейді ол.