Футбол • 31 Наурыз, 2021

Олимпиадада бақ сынайтын құрамалар

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның бас шаһары – Токиода өтетін Жазғы Олимпия ойындарында өнер көрсететін футболдан 16 құра­маның тізімі белгілі болды.

Олимпиадада бақ сынайтын құрамалар

Олар: Еуропадан – Франция, Германия, Испания, Румыния, Азиядан – Аустралия, Оң­түстік Корея, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Аме­рикадан – Бразилия, Аргентина, Сол­түстік Аме­рикадан – Мексика мен Гон­дурас, Африкадан – Мысыр, Кот-д’Ивуар, Оң­түстік Африка, мұхит ай­мағынан – Жаңа Зеландия және жарысты өткізуші ел ретінде Жапония ұлттық құрамалары.

Аталған турнирдің жеребесі 21 сәуірде FIFA штаб-пәтері орналасқан Цюрих (Швей­­цария) қаласында тартылады. Футбол турнирі 22 шілде мен 8 тамыз аралығында Токио (екі стадион), Сайтама, Иокогама, Ибараки, Сендай және Саппоро қалаларында өткізіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2016 жылы Риода өткен төртжылдықтың басты бәсекесінде Бразилия құрамасы Олимпиада чемпионы атанған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар