Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

Алматыда жер сілкінді

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласынан батысқа қарай 494 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жер сілкінді

Фото авторы: Максим Золотухин

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 31 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 7 сағат 43 мин 37 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 494 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.2. MPV магнитудасы – 4.5. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы мәлімет түспеген.