Әлем • 31 Наурыз, 2021

АҚШ азаматы Ақтаудан алып кеткен қаңғыбас күшіктері туралы айтты

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық саяхатшы Фесс Стоун поляк турисі Анна Задармен бірге Қазақстанға келген сапарында Ақтаудан 94 шақырым қашықтықта орналасқан Шерқала тауының маңында жүрген иттерді өзімен бірге алып кеткен.

АҚШ азаматы Ақтаудан алып кеткен қаңғыбас күшіктері туралы айтты

«Бұл күшіктерді АҚШ-қа әкелгеннен кейін, оларды ажырата алмадық. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Біз бір отбасыға айналдық. Олар тіпті біздің алғашқы итімізден де үлкен болып өсіп кетті», деді Фесс Стоун.

Сондай-ақ ол Ақтаудағы үй жануарларларының жағдайы мәз емес екенін өз көзімен көргенін айтты.

«Бізге иттерді тастап кетуге ұсынған орын жантүршігерліктей болды. Сол жерде өмір сүріп жатқан жануарлардың жағдайы жақсарды ма?», деп шетелдік саяхатшы өзінің алаңдататынын жеткізді.

Айта кетейік, туристер 2019 жылдың қазан айында Шерқала тауының жанындағы тур кезінде қаңғыбас күшіктерді тауып алған. Олар жергілікті ветеринар мамандардан көмек сұраған. Бұл Қазақстаннан Америкаға иттердің бірінші рет кетуі емес. 2020 жылдың желтоқсанында азапталған атыраулық ит те АҚШ-қа ұшып кеткен болатын.