Видео • 31 Наурыз, 2021

Қазақ ғалымы коронавирустың психологиялық салдары жайлы айтты

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нутрициолог, ҚР ҰҒА мен РМҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманұлы індеттің қайта ушығуына байланысты халықты сақтыққа шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ ғалымы коронавирустың психологиялық салдары жайлы айтты

«Коронавирустың үшінші толқыны бастау алды, сақтық шараларын толыққанды ұстанбасақ, зардабы ауыр болары сөзсіз. Қазағымның «сақ жүрсең, сау жүресің» деуі қазір өзекті болып отыр.

Індетпен күресудің нәтижелі болуы үшін ең әуелі адамға сабыр, төзім керек. Өйткені, дәл осы кеселдің психологиялық салдары – өте ауыр. Біз – небір жаугершілік заманды, ашаршылық нәубетін, түрлі ауыртпалық көрген және оны жеңген рухы берік халықпыз. Мұны да жеңеміз!

Иммунитетті көтеру, ауруға ағзаның қарсы тұру қабілетін арттыруға қазақтың ұлттық тағамдарының пайдасы ерекше. Ас мәзірінде балық, жеміс-жидек секілді дәрумендерге бай тағамдар болуы қажет. Ең құдіреттісі жылқы еті мен қымыз. Ет тағамдарын молырақ тұтыну керек.

Осы орайда «Жақыныңды қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты одан алшақ болуды» уағыздаймын. Мұны естіген адам қарама-қайшы ойда болуы мүмкін. Бұл бүгінгінің ұстанымы. Бір-бірімізге қамқорлық танытайық! Төңірегіміздегі адамдардың аман-саулығына жауапкершілікпен қарайық!» дейді Төрегелді Шарманұлы.