Қазақстан • 31 Наурыз, 2021

Ақмола облыстық Полиция департаменті ұшақтың құлауы туралы ақпаратқа пікір білдірді

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында ұшақтың құлауы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облыстық Полиция департаменті ұшақтың құлауы туралы ақпаратқа пікір білдірді

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыздың 30-да Целиноград аудандық полицияның кезекші бөліміне Фарфоровое ауылының 96-шы разъезінде ұшақ құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

«Түскен ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде Целиноград ауданының 109 төтенше жағдайлар бөліміне Ынтымақ ауылының 34 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарласып, 96-шы разъез маңында ұшақ құлағанын және түтін шығып жатқанын айтты», деді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері іс жүзінде болған оқиға туралы жұбайы айтып бергенін анықтады, Оған өз кезегінде ауданның орта мектептерінің бірінде от жағушы болып жұмыс істейтін әріптесі ұшақтың құлағаны туралы хабарлапты. Алайда тексеру кезінде телефон хабарламасында көрсетілген ақпарат расталмады.