Руханият • 31 Наурыз, 2021

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден озды

1385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден озды

Сәулетшінің қайтыс болғаны туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова желідегі парақшасында естіртті.

«Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Отан», «Даңқ» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. (...) Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын», деп жазды министр Instagram желісіндегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше