Білім • 31 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтанда ҰБТ маусым айының соңына дейін жалғасады

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингіде ҰБТ маусым айының соңына дейін жалғасатыны туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда ҰБТ маусым айының соңына дейін жалғасады

«Төртінші тоқсан 1 сәуірден басталып, 25 мамырға дейін жалғасатын болады. Қаладағы карантиннің күшейтілуін байланысты қаланың барлық мектептері меншік нысанына қарамастан қашықтан оқитын болады. Мектеп бітіруші 9,11-сыныптарда оқыту аралас форматта: пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта, 30%-ы қашықтан өтеді. Сыныпта 15 баладан артық оқушы болмауы керек және ата-аналардың өтініштері бойынша ұйымдастырылады», деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Бағлан Сматаеваның айтуынша, 10 наурыздан бастап Тәуелсіздік сарайының базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтуде.

«Бүгінгі таңда 7 567 оқушының 490-ы тестілеуден өтті. ҰБТ маусым айының соңына дейін жалғасады. 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау 28 мамыр – 7 маусым аралығында 3 пәннен: қазақ, орыс және ана тілдері, ұлттық мектептегі қазақ және орыс тілі мен әдебиеті, математика, алгебра бойынша Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдарына сәйкес жазбаша нұсқада өтетінін атап өтеміз. Ал 11-сынып оқушылары үшін 1-10 маусым аралығында қазақ, орыс және ана тілдері, алгебра және анализ бастамалары пәндерінен жазбаша түрде, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдері тестілеу түрінде өтеді. 9, 10, 11, 12 – сыыптардың білім алушыларын қайта аттестаттау 11-20 маусым аралығында өтеді», дейді ол.