Оқиға • 01 Сәуір, 2021

Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық жеті қаламгер Қа­зақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі атанды.

Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды

Суретті түсірген Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Одақтың басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Нұр-Сұлтан қаласындағы Жазушылар үйін­де Иманғазы Нұрахметұлы, Се­рікзат Дүйсенғазы, Ықылас Ожай, Ұларбек Дәлей, Ербол Бейілхан, Толқын Ақанұлына мүшелік билеттерін тапсырды. Оның ішінде халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Egemen Qazaqstan» газеті Мәдениет бөлімінің меңге­рушісі, ақын Мирас Асан да бар.

Жалпы, қазіргі таңда елордада Жазушылар одағының 140-тан астам мүшесі тіркелген. Міне, олардың қатары жаңа буын­мен толығып отыр. Іс-шара аясында Жазушылар одағының хатшысы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, елор­далық филиал директоры Дәу­леткерей Кәпұлы қалам­гер­лерге шығармашылық табыс тілеп, әдебиетке өміршең туы­н­дылар қосатынына сенім білдірді.