1-сәуірден бастап облыстағы 300 балаға дейін оқытатын мектептер дәстүрлі түрде жұмыс істеуін жалғастырды.
Облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменованың айтуынша, облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, төртінші тоқсанда 114 мектеп 1 сәуірде үшінші тоқсан форматы бойынша жұмыс істей бастады. Ал 1-5, 9 және 11-сыныптар - аралас форматта, 6, 7, 8, 10-сыныптар қашықтан оқиды. 5 сәуір күні 114 мектептегі 1-11 сыныптардың барлығы аралас оқыту түріне көшеді. Осылайша, 5 сәуірден бастап 80 мың бала, яғни мектеп оқушыларының 78%-ы аралас форматта оқитын болады.
Әр мектеп ауысым бойынша оқитын сыныптар санын, оқу кестесін және қашықтан оқытылатын пәндер тізімін жеке белгілейді.