Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Елімізде кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

4240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ең алдымен Үкіметке зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін жедел пысықтауды тапсырды.

«Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар