Коронавирус • 01 Сәуір, 2021

Атырауда жансақтау бөліміндегі 16 науқастың жағдайы ауыр

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жансақтау бөлімінде ауыр халдегі 16 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жансақтау бөліміндегі 16 науқастың жағдайы ауыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атыраудағы модульдік инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінде Наурыз мерекесіне дейін 11 науқас жатқан. Қазір олардың саны 16-ға жетіп отыр.

«Жансақтау бөліміндегі науқастардың арасында 12 адам ауыр халде, 4 пациент өте ауыр халде жатыр. Олардың сегізі – 65 жасқа дейінгілер, тағы 8 науқастың жасы 65-тен асқан. Науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Барлық науқас денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды. Сондай-ақ күн сайын Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық медицинаны үйлестіру орталығының, өзге де бейінді мамандардың консультациялары өткізіледі», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.