Қоғам • 02 Сәуір, 2021

Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды

1254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда инклюзивті білім беру күн өткен сайын қолжетімді бола түсуде. Енді Психологиялық-педагоги­калық түзету кабинеттері мен Ресурстық орталықтар тек облыс орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да ашылуда.

Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды

Осылайша, «ДАРА» ЖҚ Samruk-Kazyna Trust Әлеу­меттік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асыратын «Әр алуан – бірақ тең» жобасы аясында Қордай кентіндегі түзету кабинетінің филиалдары Жамбыл облы­сының Масаншы және Сор­төбе ауылдарында ашылды. Ал Қордай ауданының өзінде Ресурстық орталық өз жұмысын бастады. Бұдан басқа, 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қордай түзету кабинетінде жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, қа­жетті жабдықтармен толық жабдықталды. Бұл іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» аясында өтті.

Жамбыл облысы білім басқармасының мәліметінше, Қордай ауданында ерекше білім алуға қажеттілігі бар 910 бала тұрады, оның ішінде 403-інде мүгедектік бар.

«Мамандардың уақтылы және білікті көмегі «ерекше» баланың өмірін жақсартып, оның лайықты және табысты болашаққа қадам басуына мүмкіндік береді. Білім алуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалар мен олар­дың отбасыларына ке­ректі қолдауды Қордай ауы­лындағы Психологиялық-педагогикалық түзету каби­неттері көрсетеді. Бүгін Масаншы мен Сортөбе ба­лаларына өз ауылдары­нан шықпай-ақ көмек алу­ға мүмкіндік беретін тағы екі филиал ашылды. Осы жұмыс істеп тұрған аудан­дық Психологиялық-педа­гогикалық түзету кабинеттері дамыту жобасы ауылдық жерлерде тұратын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қызмет көрсету спектрін ілгерілету және кеңейту үшін үлгі бола алады», деп атап өтті «ДАРА» қо­рының өкілі Сәуле Бек­сұлтанова.

Психологиялық-педагоги­калық түзету кабинеті – бұл кез келген ерекше ба­ла және оның отбасы де­фектолог, психолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, ЕДШ нұсқаушысы, музыкалық ырғақ педа­го­гі сияқты мамандар коман­дасының кешенді білікті көмегін ала алатын мекеме. Жыл сайын Психологиялық-педагогикалық түзету ка­бинеттері, филиалдарды қоса алғанда, дамуында түрлі ауытқулары бар 120-дан астам балаға тегін қызмет көр­сете алады.

«Психологиялық-педаго­ги­калық түзету кабинеттері және басқа да арнайы білім беру ұйымының желісін кеңейтудің нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар өз құрдастарымен бірге жалпы білім беретін мектепте оқи алады. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен бүкіл Қазақстан бойынша 15 түзету кабинеті және 16 ресурстық орталық ашылды», дейді Қордай аудандық пошта байланысы торабының бастығы Ақжол Кәрімов.

Ресурстық орталық – бұл ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар мен қара­пайым мұғалімдердің мектеп кеңістігі және ынтымақтастық аймағы. Ресурстық орталық­тың қолдауымен мектепте оқуда ерекше білім беру қа­жеттіліктері бар балалар­ды жалпы білім беретін мек­тептерге толық және тиім­ді енгізу, дамуында ауыт­қу­лары бар балалармен жұ­мыс істейтін педагогтерге және олардың ата-аналарына ғы­лыми-әдістемелік қызметтер кешенін көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалады.