«Антикор Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады», дейді Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров.
Тергеушінің айтуынша, басқарма басшысы міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға, әрі МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар ол соталды тергеу аяқталғанын тілге тиек етті.