Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

СҚО: Жалғызбасты ана шенеуніктердің кесірінен мемлекетке қарыз болып отыр

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер жалғыз басты аналарды  жәрдемақыны заңсыз алды деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО: Жалғызбасты ана шенеуніктердің кесірінен мемлекетке қарыз болып отыр

Бұған дейін билік  күнкөріс деңгейі төмен аналарға әлеуметтік төлемді өздері ұсынды. Алайда кейінірек әкімдік қызметкерлерінің қателескені анықталады. Енді әйелдерге жүздеген мың теңге қайтаруға тура келеді.

Осылайша үш баланың анасы Виктория Красавина әкімдікке 300 мың теңге қарыз болып шықты. 2019 жылы отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болды. Содан кейін шенеуніктер әйелге атаулы әлеуметтік көмек ресімдеуді ұсынды. Ай сайын отбасыға 70 мың теңге түскен. Бірақ жыл соңында шенеуніктер төлемдерді қайтаруды талап еткен.

«Ай сайын бізге қоңырау шалып, осы ақшаны қайтаруды талап етуде. Мен оларға төлейтін ақшам жоқ екенін түсіндірдім. Біз ешқандай кірісті жасырмадық, біздің барлық кірістеріміз базада сақтаулы тұр», дейді жалғызбасты ана В. Красавина.

Қарақоға ауылында үш баланың анасы Оксана Сүлейменова да осындай жағдайға тап болған. Әйел жарты жыл бойы мемлекеттен ақшалай көмек алып жүргенде борышкерлер тізіміне кіремін деп ойламаған. Қазір шенеуніктер ақшаны қайтаруды талап етті, өйткені оның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен бар болғаны 80 теңгеге артық болған.