Еркін күрес балуандарының оқу-жаттығу жиындары 31 наурыз күні басталған. Аталған жаттығу жиыны құрлықтық додаға дайындықтың екінші кезеңі.
Алматы облысында өткізіліп жатқан жиынға қатысуға барлығы 23 балуан шақырту алған.
Олар: Дәулет Теміржанов, Адлан Аскаров, Сырбаз Талғат, Дәулет Ниязбеков, Нұрқожа Қайпанов, Ғалымжан Өсербаев, Эльхан Асадов, Әлішер Ерғали, Олег Болтин, Жавохир Иристаев, Саламат Маликов, Мейіржан Аширов, Есқали Дәулетқазы, Ералы Әбдірашев, Рүстем Мырзағалиев, Еламан Қадірсейіт, Санжар Дожанов, Қуаныш Жұмаш, Владислав Миколайчук, Азамат Дәулетбеков, Юсуп Батырмурзаев, Серік Бахытханов, Данияр Қайсанов.
Ұлттық құраманы жауапты сынға бас бапкер Әсет Серікбаев дайындап жатыр.