«Қазіргі күрделі жағдайда біз елімізді жаңғырту стратегиясын дәйектілікпен жүргізіп жатырмыз. Бүгінде саяси реформалардың үшінші кезеңі іске асырылуда, оның шеңберінде қоғамды демократияландыруға бағытталған бірқатар заңдар қабылданатын болады. Қазақстан өз егемендігінің төртінші онжылдығына кіреді», деді М.Тілеуберді.
Министр өз сөзінде Қазақстанның шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін және өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның басты басымдықтарының бірі көлік әлеуетін ілгерілету және еліміздің әлем өңірлерімен байланысын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.