Бокс • 02 Сәуір, 2021

Бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионаты қай қалада өтеді?

1645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан ересектер арасында 2023 жылғы Әлем чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz uza.uz порталына сілтеме жасап.

Бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионаты қай қалада өтеді?

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінде AIBA президенті Умар Кремлевтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Умар Кремлев бокстан 2023 жылғы ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Ташкентте өтетінін ресми түрде мәлімдеді.

Әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын турнирдің биылғы біріншілігін Сербия астанасы Белград қаласы қабылдайтын болады.

Ал осынау беделді жарыстың 2023 жылы Ташкентте өтуі Өзбекстан тарихындағы алғашқы турнир болмақ.

Еске салар болсақ, 3 сәуір күні Ташкенттегі «Humo Arena» мұз сарайында үлкен бокс кеші өтеді. Ондағы басты жекпе жек Рио-2016 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, кәсіпқой бокстан WBA және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Муроджон Ахмадалиев жапондық Риосуке Ивасаға қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғайды.