Тағайындау • 03 Сәуір, 2021

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына жаңа басшы келді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры болып Қазақстан Республикасының «Мәдениет Майталманы», «Еңбек даңқы» медалінің иегері Нұржан Тасболатов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына жаңа басшы келді

Нұржан Қадержанұлы 1973 жылы туған, Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

1994 жылдан бері Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда, Орал қалалық жастар мәдениет үйінде, облыстық жастар шығармашылығы орталығында түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде басшы, 2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облыстық жастар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары, 2016-2018 жылдары Зеленов ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2018-2019 жылдары Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың 2 қыркүйегінен осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің директоры болды.

2019 жылдың қазан айында қазақ драма театрының директоры болып тағайындалған Салтанат Абулғазиева енді Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрін басқаратын болды.